Соқыр теке

Бала кезімізде осы ойынды көп ойнаушы едік. Көп балалы үйде өскендікі болар?! сол кезеңдерде әр үйде 5-6 баладан кем болмаушы еді ғой. Қазір ғой 5-6 жылда бір бала… Қой бірді айтып бірге кетпейін...
Иә, соқыр теке ойнайтынбыз. Біреуді соқыр теке қылып, яғни көзін әжеміздің орамалымен немесе атамыздың шарпысымен таңып тастаймыз. Айналасындағы қашып жүрген балаларды әлгі «соқыр теке» ұстап алуы керек. Ұсталған бала «соқыр текеге» айналып отырушы еді…
Одан қалса тығылыспақ ойнайтынбыз.Үйдің ішінде.Домалақ үстелдің асты, шипәнердің үсті, іші, тіпті жүн түтіп отырған әжеңнің етегі де тығылуға жарай беретін еді ғой, шіркін… күнде ойнап, күнде тығылып жүрген жердер болса да жалықпай ойнайтынбыз осы ойындарды…
Әрі қарай